• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында 8514 үй жылуды есептегіш құралымен жарақтандырылмаған 08.07.2014

Статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша  есептеудің 623 орталығы орнатылған. Бұл жалпы халықтың қажеттілігінің тек 9 пайызын құрайды. тағы 6524 үйге жылуды есептеу құралы қажет. ҚР «Энергия үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру туралы» Заңына сай, Алматы қаласының аудандарында жылу энергиясын есептеу құралының жоқтығына орай жылу энергиясына дифференцияланған тарифтер енгізілді. Алматы қаласында жылу энергиясы тарифы есептегіш құралынсыз 1 Гкалына 5711,3 теңгені құпайды. Ал есептегіш құралы болса бұл көрсеткіш 4358,82 теңге.

Алматы облысында 233 есептегіш құралы бар. Бұл жалпы халық сұранысының 10 пайызын құрайды. тағы 1990 үйге осындай құрал қажет.

Айта кету керек, 2014 жылдың соңына дейін қазақстандықтар республиканың барлық үйінде ортақ жылу есептегіш құрылғысын орнатуы керек. Алматы қаласы мен Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында жылу есептегіш құралының ортақ құрылғысын орнатуды халыққа түсіндіру бойынша құрылған арнайы топ Алматы облысы мен қаласы әкімдіктерінде аталмыш құралды алу бойынша жиын өткізді, делінген хабарламада.  


Back to the list