05.07.2014
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауданға жұмыс сапары барысында құрылысты, сонымен бірге жуырда пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды аралады, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.
600 орындық мектеп Аягөз қаласында салынуда. Екі шеткі блокта мердігерлер жабықтау орнатуда, содан кейін шатырға көшпек.
«Бұл мектепте көп балалар оқиды, сондықтан оны мерзімінде аяқтау қажет», - деді Б.Сапарбаев нысанды аралау кезінде.
Бұл нысаннан басқа қыста аудан орталығында екі жүз балаға арналған балабақша құрылысы аяқталды. Бұл 50-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Балабақшада әкімге ғимарат барлық талапқа сай келетінін айтты, балалардың жан-жақты дамуына қажетті жабдықтардың барлығы бар. Бастапқыда спорт залы болмаған, енді оған арналып ғимараттың бір бөлмесі бөлінді.
Тағы бір салынып жатқан нысан - кірпіш зауыты. Ол да Қытай кәсіпкерлерімен бірлесіп салынуда.
Зауыт М-150 маркалы кірпіш шығарады. Қазір зауытта өзіндік құн есептелуде, жаңа жабдық жарақталуда. Бір аптадан кейін кәсіпорын басшылығы айына 46 мың кірпіш шығаратын желіні толықтай іске қосуға уәде беруде.