• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда республикалық «Бизнес-серпін» байқауы басталды 04.07.2014

Өңірлік және отбасылық кәсіпкерлікті гранттық қолдау байқауы биылғы жылдың 2 шілдесінде басталды және 2014 жылдың 26 қарашасына дейін Қазақстанның барлық өңірінде іске асырылады. Алдын ала іріктеу нәтижесі бойынша үздік деген жобалар Алматыдағы апталық іс-тәжірибеге өту құқығына ие болады. Соның қорытындысымен көшбасшылар анықталады, деп хабарлайды palata.kz.

Үш жеңімпаз 5 500 000, 2 700 000 және 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алып, алты ай ішінде компания қызметі мен ресурстық қолдауына қол жеткізбек.

Іс-тәжірибе қорытындысы бойынша В2В компаниясының қатысуымен үздік жобалардың көрмесі өтеді. Кәсіпкерлер керекті кеңестерін алып, сараптамалық қолдауға қол жеткізеді. Сонымен қатар тәжірибелі мамандарға сауал жолдап, бизнес идеясын анықтайды. 


Back to the list