04.07.2014
Өскеменде жыл басынан бері ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 5 үймен келісім шарт құрылып, 35 үймен сметалық құжаттама келісілді. Жаңғырту жұмыстарына 230 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталыы Өскемен қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Жандос Байырхановқа сілтеме жасай отырып.
«Өткен жылы 8 үйді жөндеп, 64 млн теңге жұмсадық. Биыл ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 230 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда 5 үймен келісімшарт құрылып, 35 үймен сметалық құжаттарма келісілді», - дейді.
Ж.Байырхановтың айтуынша, биыл 14 көшені қамтитын 16 жол учаскісі жөнделеді. Ол үшін 850 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, 41 млн теңгеге шұқыр жөнделіп, 30 млн теңгеге жеке сектор жолдары жөнделеді. Ертіс өзенінің көпірі де аталмыш жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта 5,5 млн теңге бөлінеді. Қала басшылығы бұл жұмыстарды жаздан бастап, 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.