• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс депутаты қарағандылық сайлаушылармен кездесті 03.07.2014

Сапар барысында парламентария Халық банктің Теміртаудағы бөлімшесіне барып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселесін талқылады.

Бұқар жырау ауданы әкімдігінде депутат аудан белсенділермен кездесу өткізді. Онда ауданның күн тәртібіндегі мәселесін көтерді. Атап айтар болсақ, қабылданған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында орталық сумен қамту жоспарының іске асырылуы, ауылдарда балабақша салу мәселесі. Сайлаушылар ауданның көлік инфрақұрылымының пайдалануға беру шарттарын сақтамаған жер қойнауын игеруші көптеген кәсіпкерліктерге қатысты шағымдарын айтты, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Депутат сонымен қатар ҚР ҚОСРМ «Қазсушар» РММ «Қаныш Сатпаев атындағы Арна» бөлімшесінің ұжымымен кездесті. Онда энергетика үнемдеу, кешенді жаңғырту мәселесі деңгейіндегі заманауи шешімдерді қарастыруға бағытталған.

Андрей Бегенеев кездесуде айтылған ұсыныстар мен шағымдарды өзіні депутаттық жадына «түртіп алды», делінген хабарламада. 


Back to the list