03.07.2014
«Шілде айынан бастап кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» аясында қызметтік қолдау көрсету жобасын іске асыра бастайды. Жобаның мәні жеті бағыт бойынша шағын және орта кәсіпкрліктерге тегін кеңес беруде. Атап айтар болсақ, олар бухгалтерлік есепті жүргізу, заңгерлік қамтамасыз ету, маркетингтік қызмет ұсыну, мемлекеттік сатып алулардағы құжаттарды реттеу, ақпараттық технология саласындағы қызмет көрсету мен сапа менеджменті жүйесін енгізу», - дейді М.Мәжитов.
Осылайша кәсіпкерлерге маркетингтік қызмет көрсету, бизнес жоспарларын дайындау мен салықтық есептеулерде тегін кеңес алу мүмкіндіктері ұсынылады.
«Жоспар бойынша сервистік қолдау аясында биылғы жылдың соңына дейін мың жарым кәсіпкерге тегін қызмет көрсету мүмкіндіктері ұсынылады. Бұл өз кезегінде Астананың шағын және орта бизнесінің серпін алуына және кәсіпкрлік әлеуетті арттыруға жол ашпақ», - дейді.
Сонымен қатар, «Астана жасалған» деп аталатын арнайы тауарлар жинағы дайындалуда. Оған жұмыс істеп тұрған өндіруші кәсіпкерліктер туралы өзекті ақпараттар енгізіледі. «Бұл елорда нарығына импорттау көлемін арттырып, әріптес іздестіруді жеңілдетеді. Осылайша Астананың тауарын тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз етеміз», - дейді М.Мәжитов.
Камила Амирова