• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс депутаттары ШҚО-да сайлаушылармен кездесті 03.07.2014

Мәжіліс депутаттарымен Өскемендегі жылыжай шаруашылығымен болған кездесуде 2014 жылы көлемі -1,1 га болатынжылыжай комбинатының құрылысын қаржы бөлу мен жылу қуатының төлем құнын төмендету мәселесі қозғалды.

Ұлан ауданында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында белсенділермен жүздесу болды.

Қабылдауға оннан астам адам қатысты. Азаматтардың бірқатар мәселелері жергілікті жерде-ақ шешіліп, енді баразына тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ бірқатарының шешімін табуға бақылауға алынды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс сапардың басты мақсаты – «Қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамту 2020»,  «Бизнестің жол картасы -2020», т.б. мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен Парламент Мәжілісінің заң шығармашылық қызметі жайымен таныстыру.

Кездесу барысында жергілікті бюджет, еңбекке орналастыру, баспана алу мәселесі мен жас мамандардың көтерме жәрдемақыларын өсіру, т.б. мәселелер сөз болды.

Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев пен Николай Кузьмин «Новая Согра»  ауылында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауында азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

 


Back to the list