• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысының Бурабай ауданында АКҚО ашылды 03.07.2014

Енді Бурабай ауданының  бастаушы және қызметтегі кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау бойынша кеңес ала алады. Жаңа ашылған АКҚО мақсаты кәсіпкерлік бастамасы бар ауыл тұрғындарына қолдау көрсету болып табылады, деп Ақмола медиа орталығы хабарлады.

АКҚО кеңесті «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша береді.

Айта кетерлігі, аймақ экономикасының дамуы шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты. Қазіргі таңда шағын және орта бизнеспен ауданда 21 мың адам айналысады, 637 шағын бизнес кәсіпорны тіркелді. 


Back to the list