03.07.2014
2014 жылғы 28 маусым мен 12 шілде аралығында Астана қаласы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 5-МӨСБ спорт кешені аумағында Свитавы (Чех Республикасы) қаласында 2014 жылғы 13-20 шілде аралығында өтетін өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жастар арасындағы V әлем чемпионаты мен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлттық жас командалар арасындағы ІІІ әлем чемпионатына дайындалуға арналған жасөспірімдер, жастар және әйелдер ұлттық құрама командаларының оқу-жаттықтыру жиыны өтеді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттықтыру жиынына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылған, олар алдағы әлем чемпионатына дайындалу үшін ұлттық құрамаға психологиялық қолдау көрсету кестесін әзірледі.