02.07.2014
«Республикалық тау-кен өндіруші және тау-металлургия кәсіпкерліктерінің қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец медальді табыстады.
«Қазақстанымыздың болашағы мен мемлекеттің құрылуындағы ұлы істерді атқаруда біздің еліміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірікпегенде менің өз басым жалғыз ештеңе де істей алмас еді. Бүгінде біз 20 нысанды іске қостық, алайда Қазақстан үлкен. Елдің экономикасын шикізаттықтан арылтып, индустриялды бағытқа шығару үшін үлкен жұмыстар атқаруымыз керек», - дейді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, «егер біз алдыңғы қатарлы 30-дыққа енгіміз келсе, біздің басқа жолымыз жоқ».
«Барынша мол өнім шығару үшін индустрияны қолға алу керек. Қазіргі таңда әлемдік нарық бұзылған кезде шикізаттың халі ауырлап, металлдарымыз арзандай түсті. Енді тек қана өңдеуші кәсіпкерліктер ғана ел экономикасын өрге сүйрмек», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, Н.Назарбаев өзінің еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Қазметаллургстрой» трестінен қатардағы жұмысшы боп бастаған еді. Кейін Қарағанды метал зауытындағы домна пешінде де қызмет етті.
Айта кету керек, бүгінде Елбасы Индустрияландыру картасы нысандарын іске қосуға бұйрық берді.