• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Католиктер  делегациясы СҚО-ға келді 02.07.2014

Кардиналды күтіп алған облыс әкімі Ерік Сұлтанов өз жерінде Папалар кеңесінің төрағасын қонақ қылудың үлкен құрмет екенін атап өтті, деп хабарлайды  облыс әкімдігі.

«Біздің облыс Қазақстанағы көпдінді және көпұлтты өңірлердің бірі. Мұнда жүзден астам ұлт өкілдері өзара бейбітшілік пен келісімде  өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, мұнда он шақты дін өкілдері бар. 132 діни бірлестіктің қызметі жүріп жатыр. Соның ішінде 11-і римдік-католик шіркеуі. Олар өңірдергі дінаралық татулық пен бейбітшілікке өз үлестерін қосуда», - дейді әкім.

Хабарламада айтылғандай, кездесуде сөз алған кардинал делегаттардың өңірге Рим Франциск Папасының батасымен келгенін айтты. «Мен сіздердің елдеріңізге қайран қаламын. Мұнда көптегн дін мен ұлт өкілдері өзара тату өмір сүруде», - деді Роберт Сара.

Ерік Сұлтанов осынау тарихи сапардың өңірдегі және жалпы елдегі дінаралық диалогтың нығаюына үлес қосатынына сенім білдірді.


Back to the list