• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО-да биыл 233,4 мың шаршы метр үй салынады 02.07.2014

2014 жылға 233,4 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Соның ішінде 34,4 мыңы мемлекеттік қолдау есебінен, дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық құрылыс басқармасы жетекшісі  Жасұлан Сүйіншалиевтің айтуынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді. Жылдың жоспары бүгінгі таңда 100 пайыз орындалған. Жоспар бойынша қарастырылған 215 шаршы метрдің орнына 247 шаршы метр салынған. Мемлекеттік қолдау есебінен 46 мың шаршы метрдің орнына 51 мың шаршы метр салынған, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында өңірде индустриялды тұрғын үй салу комбинаттарының дамуына айрықша назар аударылуда. Қазіргі таңда облыста екі бірдей үй салу комбинатының құрылысы жүріп жатыр. Олар «СВ-плюс» ЖШС мен «Болашақ-Т» ЖШС.

2014 жылы 233,4 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, мемлекеттік қолдау есебінен 34,4 мың шаршы метр жоспарланған, деп хабарлайды әкімдік. 


Back to the list