• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-ның Төлеби ауданында жаңа құс фабрикасы ашылды 01.07.2014

8 га аумақты алып жатқан фабрика жылына 10 млн. дана инкубаторлық жұмыртқа мен 40 тн. құс етін өндіру мүмкіндігі бар. Жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асып, оның құны 300 млн теңгені құрап отыр, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фабрикада 25 жаңа жұмыс орындары ашылған. Кәсіпорында «Гюнеш», «Кафсан» түрік компанияларының құрал-жабдықтары орнатылып, толық автоматтандырылған. Биылғы жылдың ақпан айында Ресей Федерациясынан 62 мың дана шамасында асыл тұқымды инкубаторлық жұмыртқалар әкелініп, инкубаторларға қойылған.

Наурыз айында 20 мың дана балапан ашылып, қазіргі таңда олардың саны 19800-ге жетті. Жалпы, Төлеби ауданында мемлекеттік ҮИИД бағдарламасы аясында 3985,6 млн. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Оның қатарында бүгінгі таңда 6 жоба іске асып, 204 жұмыс орындары ашылған.


Back to the list