01.07.2014
Ағымдағы жылдағы мамыр айының басында Майра көшесінің бойында жалпы алаңы 9 457,92 шаршы метрлік, 180 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй құрылысы басталды, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жоба «ҚИК» ИҰ» АҚ-ының «Кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында іске асырылады.
Жайлылығы төртінші сыныпты 9 қабатты тұрғын үйді қаржыландырудың жалпы сомасы 870 миллион теңгені құрайды.
Құрылысты 2015 жылы аяқтау жоспарлануда. Пәтерлерді сатып алу объектіні пайдалануға бергеннен кейін іске асырылады.