• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да жаңа сүт фермасы ашылды 01.07.2014

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан жобаның құны – 1220 млн. теңге. Жоба толығымен іске қосылғанда жылына 5200 тонна шикі сүт шығаратын болады. Фермада 36 жаңа жұмыс орны құрылған. Биылғы жылы шаруашылық 53,5 тн. сүт өндірген. Дайындалған өнімнің 47,3 тн. қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтілсе, 6,2 тн өндірістік тұтынуға өткізілген, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Фермаға Канададан 400 бас асыл тұқымды қара-ала голштин құнажындары әкелінген. Қазіргі таңда осы құнажындардың 147 басы көбейіп, күніне 2900 литр сүт беруде. Әр сиырдан орта есеппен 20 литрден сүт сауылады. Жыл соңына дейін аталған елден тағы да 400 бас құнажындар әкелініп жоба толығымен іске қосылатын болады.

Жалпы, үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Арыс қаласында 49,5 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылып, 73 жаңа жұмыс орны ашылған.


Back to the list