01.07.2014
«Банктердің экономикалық қаржыландыруы үшін банк секторын сауықтыру шаралары қарастырылған. Жұмыс істемей тұрған портфельдің тең жартысы БТА банк үлесіне келіп тұрғандықтан, банктің активтерін тазарту қажет», - деді Е. Досаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктің сенімсіз несиелерін алып тастау үшін банктерге арнайы стресс әкелетін активтермен жұмыс істеу тәртібі орнатылды.
«Жұмыс 2015 жылға дейін жалғасады. Банктің жаңа тәртіптерімен бірге 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші дәрежелі банктердің жұмыс істемейтін қарыздары 10 пайызға дейін қысқартылады», - деді ол.
Камила Амирова