01.07.2014
Шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайыс спорттың алты түрі бойынша өтті. Олар: дартс, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, күрес, волейбол. Спартакиада жеңімпаздары болып Көкшетау қаласы атанды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздары мен кубоктармен марапатталды. Көкшетау қаласы 90 мың теңгенің сертификатына ие болды.