30.06.2014
Кәсіпкерлердің барлығы пайыздық үстеменің бөлігін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болып, сонымен қатар кәсіпкерлердің өтініштері «Назарбаев университеті» АББҰ «Топ менеджментті оқыту» жобасына қатысуға мүмкіндік алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидия немесе грант алған кәсіпкерлердің айтуынша, «Даму» қоры арқылы көрсетілетін мемлекеттік көмектің арқасында олардың кәсіптері тұрақталып, қарқынды дами бастаған. Осындай кәсіпкерліктердің бірі «Ақ-Қайың» балаларға білім беру мекемесі» ЖШС болып табылады. Ол бір кездері балабақша ашуға қаражат алып, енді жалға алып отырған ғимаратты сатып алмақшы, дейді «Даму» қоры.