30.06.2014
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Министрліктің аймақты органдары мен орталық аппарат құрылым бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Көкшетау қаласы оқу орындарының ректорлары қатысты, ведомствода хабарлады.
Көкшетау техникалық институтының түлектеріне сәтті кәсіби қызметтеріне ақ жол ашылғандығын атап кеткен жөн. Былтырғы жылы күндізгі оқу бөлімі курсанттарының 15-шығарылымы болды, яғни 136 түлек бітірді. Барлық түлектер штаттық кестеге сай еліміздің өңірлерінде орналасқан Төтенше жағдайлар департаменттеріне жіберіліп, қарауыл бастықтары, арнайы өрт бөлімдерінің инженерлері, аға инженерлер, арнайы жасақ бастығының көмекшілері лауазымдарына тағайындалады.