25.06.2014
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, болашақ авиаторлар ұшақты басқару техникасынан, навиагациядан, жауынгерлік қолданудан, қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшу-тактикалық және ұшу-әдістемелік даярлық оқу-жаттығу ұшу даярлығы бағдарламасын толық орындады.
Курсанттар авиациялық орталық тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен оқу материалық табысты меңгеріп, ұшу-нұсқаушылар құрамына өздерінің машықтану деңгейі мен білімдерін көрсетті.