25.06.2014
«2013 жылдың қыркүйегінде Президиумның қабылдаған шешіміне сай, қазіргі басқарма құзіреті бүгінгі ҰКП бірінші съезінің өткізілетін күнімен аяқталады. Осы орайда съездің жаңа басқарма құрамының құзірет уақытын бекіту туралы шешімді қабылдауы керек. Жаңа басқарма құрамының құзіретін екі жылға бекіту ұсынылып отыр», - дейді Т.Құлыбаев.
Айта кету керек, бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 1-інші съезі өтіп жатыр. Оған дауыс беру құқығымен 230-дан астам адам қатысуда.