23.06.2014
Аталған шараға министрлік басшылары, орталық аппарат қызметінің басшылары, ішкі істер органдары мен ішкі әскер ардагерлері, шақырылған қонақтар қатысты, деп ведомствода хабарлады.
Монументке гүл қоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар қызметтік борышын атқаруда қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскердегі әскери қызметшілердің рухын бір минуттық үнсіздікпен ұлықтады.
ІІМ-нің клубында салтанатты жиын өтіп, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ІІО қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Бұдан бөлек мерекеге ІІМ-нің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Полиция күні мерекесіне байланысты Орталық аппараттың және ІІО аумақтық бөліністерінің 637 қызметкері мадақталды.