23.06.2014
Облыс әкімі Сергей Кулагин құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Олардың ішінде мектептер мен бала-бақшалар, емханалар мен жылу қазандықтары бар.
Аймақ басшысы 96-ыншы разъезд ауылындағы 300 балаға арналған мектеп пен 140 орынға арналған бала-бақшаның құрылысымен танысты. Сонымен қатар, ол жақын аймақта орналасқан Талапкер, Қажымұқан, Қосшы мен Қараөткел ауылдарындағы мектептер мен бала-бақшаның құрылысына ерекше көңіл бөлді, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Облыс әкімі облыста салынып жақтан нысандардың барлығы абаттандырылсын, деп қатаң тапсырды.
Бұдан басқа, Сергей Кулагин Целиноград ауданы әкіміне елдімекендерде әлеуметтік, көлік және коммуналды инфрақұрылыдарды жүргізуге ерекше көңіл бөлуді де тапсырды.