19.06.2014
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында республикада бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Тауар «Халық тұтынуының тауары», «Азық-түлік өнеркәсібі», «Өңдеуші өнеркәсіп» топтары бойынша іріктелген, деп ШҚО ақпараттық орталығы.
Қатысушыларды облыстық сараптамалық комиссия бағалайды. Қатысушылардың басты мақсаты тауарларының сапалы болуында.
Көрмеде өндірістік тауарлар мен киім-кешек, аяқ киім, жиһаз және өзге заттар қойылды.
Кәсіпкерлер жаңа өнімдерімен таңдай қақтырды.
Байқау лауреаттары Астанада өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» шарасына жолдама алады.