18.06.2014
«Бағдарламаның негізі - кез-келген кәсіпкер Германиядан әр-түрлі сала бойынша сарапшыны Қазақстанға шақырту арқылы өз ұжымының біліктілігін арттыра алады және оның әлемдік деңгейде тәжірибе алмасуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, жаңа бизнесті немесе іске қосылған бизнесін одан әрі дамыту және тиімділікті артыру мақсатында сарапшыны шақыртады», - деп Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германиялық Қордың ресми өкілі С. Громова мәлімдеді.
Айта кетерлік жайт, бағдарлама шеңберінде қор сарапшының барлық шығынын өз мойнына алады. Ал, кәсіпкер болса келген маманды баспанамен, тамағымен және күніне 5 еуро көлемінде тәуліктік ақымен қамтамасыз етуі керек.
Бүгінгі таңда Есіл ауданыдағы «Арман-Гранит» ЖШС-ға арнайы сарапшы шақырылып қойған. Ол қазақстандық әріптестерімен жер қойнауын пайдалану бойынша тәжірибесімен бөлісетін болады. Сарапшы алдағы шілде айында келеді, деп облыс әкімдігінен хабарлады.