• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Жәмішев: Белсенді кәсіпкерлердің басым бөлігі ОҚО-да байқалуда 17.06.2014

2014 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша, елімізде белсенді шағын және орта бизнес субъектілері 873755 дананы құраса, ол өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артық . Олардың ішінде 73009 данасы заңды тұлға, ЖК -  647344 дана, ауыл шаруашылығы қожалығы  - 153402 дана.

«Белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан  облысынан болса, ең азы Солтүстік Қазақстанда», - деді министр.

Айта кетерлік жайт, бүгінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен 78 мың кәсіпкер қамтылды. Субсидиялар бойынша 894,3 млрд. теңгенің 4275 жобасы мақұлданды. Ал, несиені кепілдендіру арқылы 24,6 млрд. теңгеге 404 жоба рұқсат берілді. Сонымен қатар, 548 кәсіпорында 44,9 млрд. теңге сомаға өндірістік инфрақұрылым жүргізілсе, 722 млн. теңгеге 246 кәсіпкердің грант алу өтініші қанағаттандырылды.

«Бұдан басқа, 2014 жылы индустриалды аймақтарды дамыту мақсатында 15 индустриалды аймаққа инженерлік инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары қаржыландырылды. Атап айтатын болсақ, ОКО - 10 аймаққа, қызықорда облысында - 4 аймаққа, Ақтөбеде - 1 аймаққа мемлекет есебіне қажетті инфрақұрылым жүргізілді», - деді министр. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list