17.06.2014
«Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Ғасырлар бойы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жылда Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында Астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамыз әдемі қала болды», - деді Г. Балгарина.
Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас каламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда, дейді ол.
«Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Әрбіріміздің жүрегімізге Астана ерекше қауаныш сыйлайды. Астананың туылған күнін сән салтанатымен еліміз атап өтеді. Барша қазақ елі бас қаланың әрбір жетістігіне тамсана қарап, болашаққа бастаған қадамына зор ықылас танытуда»,- деді ол.
«Астана-келешектің қаласы болуы тиіс. Астана - даму үстіндегі әсем қала».