• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша қылмыс 5 есеге артты 16.06.2014

«2013 жылы Агенттік мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнату арқылы көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашу артты. Сонымен, бүгінде мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы,  инвестициялық жобалардағы қылмыстарды әшкерелеу 5 есе өсті», - деді Айвар Боданов.

Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлік, заңсыз табысты заңдастыру және қылмыстық топтарды құру бойынша үш есе көп қылмыстық іс қозғалды, - деп ол толықтырды.

«Бұдан басқа, жалған банкроттық жариялау, валюталық табысты қайтармау, контрафакт өнімін өндіру, салықтан жалтару, ҚҚС заңсыз қайтару және экономикалық контрабанданы әшкерелеу екі есе өсті», - деді ол.

Өз кезегінде Бас прокурор Асхат Дауылбаев құқық қорғау және уәкілетті органдардан бірлесіп жұмыс істеуді нығайтуды тапсырды.

Камила Амирова


Back to the list