16.06.2014
Жалпы егістің көлемі биылғы жылы біршама арта түсті. 770,6 мың гектарға жазғы дақылдар себілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 44,3 мың гектарға артық, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Мұның ішінде дәнді дақылдардың көлемі 699,2 мың гектарды құрады, оның 545,6 мың гектары бидай, 140,2 мың гектар арпа, 13,4 мың гектар сұлы, 3,3 мың гектар бұршақ тұқымдас дақылдар, 27,4 мың гектар майлы дақылдар, 7,7 мың гектар картоп, 1,3 мың гектар көкөніс, 31,5 мың гектар көп жылдық шөптер.
Егіс науқанына барлығы 125 дана ірі заманауи себу кешендері қатысып, барлық егіс көлемінің 55 пайызы себілді. Сондай-ақ 917 агрегат жұмылдырылды. Барлық салынған егіннің 461,1 мың гектарында ылғал және ресурс үнемдеу технологиясы қолданылды.
Сонымен қатар келесі бағытта егістің арам шөбі химиялық жолмен оталынады. 470 мың гектар абаттандырылады.