15.06.2014
Аталған бағдарламаның екінші кезеңі бойынша тұрғын үй құрылысы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, сондай-ақ Тілендиев даңғылының оңтүстігінде жүргізіліп жатыр.
«Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Астана қаласының әкімдігі нақты жұмыстар жүргізді. Бұдан басқа, несиелік баспана салу жоспарын уақытылы орындамауға кейбір бас мердігерлердің келісімдік міндеттемелерін орындамауы әсер етті. Бұл келісімдерді бұзып, жаңа мердігерлік ұйымдар таңдауға әкеледі, нысандар құрылысының мерзімдерін бұзады», - деді қалалық Құрылыс басқармасының қызметкерлері.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, елордада 2008-2010 жж. арналған тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде жалпы ауданы 261,5 мың шаршы м 5674 пәтер пайдалануға берілді.