15.06.2014
«2014 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР ТЖ Министрінің нұсқауымен тексеріс жоспарынақауіптілік деңгейі неғұрлым төмен нысандар кірген жоқ. Тексеру нысандарының саны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға төмендеді», - деп Астана қаласы ТЖ департаментінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес, 2013 жылы тексеріс жоспарынан тіркелу мерзімі 3 жылдан аспаған шағын кәсіпкерлік субьектілеріне алынып тасталды.
Өрт, өндірістік қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс саласы бойынша қауіптілік дәрежесін бағалаудың жаңа критерилерінің бекітілуі де тексерістердің азаюына септігін тигізді. Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 2013 жылдың қорытындыларына сәйкес қауіптілік деңгейі жоғары 52 нысан, қауіптілік деңгейі орташа топқа көшірілді.
ҚР «Лизензиялау туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, Астана қаласы ТЖ департаментімен лизензия беру бойынша келісім жасалмайды, осылайша кәсіпкерлермен лизензиялау түрлері бойынша мемлекеттік өрт бақылау қызметінен қорытынды алудың қажеттігі жоқ.