13.06.2014
Алдыңғы жылдардағыдай, өтінімдердің көпшілігі еліміздің негізгі астық егетін өңірлеріндегі АШТӨ-ден келіп түсті, деп корпорацияда хабарлады.
2014 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша сомасы 4 млрд. теңгеге жуық Қостанай облысының АШТӨ-нің 700–ден астам өтінімдері қаржыландырылды.
Ақмола облысы бойынша сомасы 4 млрд. теңгеден астам сомаға аграриялардың 600 өтінімдері қаржыландырылды. Сондай-ақ, солтүстік қазақстандық астық өндірушілердің 84 өтінімдері 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға қаржыландырылды.
Көрсетілген өңірлерден басқа аталған бағдарламаға Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының аграриялары қатысады. Бағдарламаға жыл сайын еліміздің жеті өңірінен мыңнан астам АШТӨ қатысады.