• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекет басшысына Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамытудың  жоспары таныстырылды 13.06.2014

2012-2013 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспарының бірінші кезеңінде 4 бөлім бойынша шаралар атқарылды: туризмді дамытудың бірінші кезектегі шаралары, экологиялық мәселелерді шешу шаралары, көлік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустрия комитеті.  

2014-2016 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңі 2014 жылдың 12 мамырындағы Үкімет Қаулысымен қабылданды. Жоспарда жалпы құны 47 580,6 млн теңгеге 5 бөлім бойынша шаралар атқару қарастырылған. Атап айтар болсақ ол аймақтың туристік әлеуетін арттыру, экологиялық мәселелерді шешу, көлік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігі: Президенттің іс басқармасы, Өңірлік даму министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігі.

Ал 2020 жылы Щучинск-Бурабай демалыс аймағын тәулік бойғы демалыс аймағына айналдыру жоспарланып отыр. Жылына келетін туристер саны 300 мыңнан 1 млн-ға дейін көбейеді деп күтілуде. Осыған орай 29 мың жұмыс орны ашылмақ. 2020 жылға дейінгі қажет инвестиция көлемі 1 544 млн долларды құрайды.


Back to the list