12.06.2014
2013 жылы Қазақстанда 23,5 мыңға жуық ЖКО саны тіркелген, оның ведомство қарауындағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесіне 13% тиесілі.
«2014 жылдың 5 айында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 625 ЖКО болды. Бұл 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 7%-ға кем. Оның ішінде жыл республикалық маңызы бар жолдарда қаза болғандардың саны 15%-ға, жарақат алғандардың саны – 10%-ға азайды. Сонымен қатар, ЖКО 97,5% жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан болғаны анықталды», - деді көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов.
Замир Сағыновтың айтуынша, қазіргі кезде өткізу қабілеті көлемінен асып отырған республикалық маңызы бар жолдардың ұзақтығы 3,5 мың км құрайды. Тиісті өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін 2020 жылға дейін елімізде І техникалық категориялы бөлу жолағы бар 4 мың километрден астам, ІІ техникалық категориялы 7,2 мыңға жуық жол салынады. Оның ішінде, ағымдағы жылы І категориялы 360 км жол пайдаланымға тапсырылады. Жалпы, 2020 жылға дейін І категориялы жолдардың саны 5 есе артады.