12.06.2014
«Біз санитарлық нормаларымыздағы талаптардың санын қысқартып жатырмыз. Бүгінде біз Өңірлак даму министрлігімен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Айта кетерлік жайт, біз тексеру қағаздарындағы талаптарды 57%-ға қысқарттық. Осылайша, Санитарлық тәртіптің талаптары 2,5 еседен астам азайтылады», - деді Ж. Бекшин.
Оның айтуынша, санитарлық ережелердi құру бойынша бiрыңғай амал-тәсiлдер қолданылады.
«Сонымен қатар, санитарлық эпидемиологиялық станса талаптарының жалпы көлемi 20%-ды құрайды, ал екiншi бөлiгi ең төменгi санитарлық талаптар болмақ. Олар нысанды қолдану барысында қойылады», - деп ол өз сөзін толықтырды.