12.06.2014
Фестивальге алыс-жақын шетелдің әртістері қатыспақ. Көрермендер әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың өнеріне қарық болмақ. Фестивальде әр елдің әртістері арасында байқау шараларынан бөлек халықаралық қазылардың алдында өз өнерлерін ортаға салу мүмкіндігін де ұсынбақ.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Ресей, Қытай, Монғолия, Вьетнам, Беларусь, Якутия, Украина, Өзбекстан мен Қазақстанның өнерпаздары қатысады деп күтілуде. Олардың көпшілігі дүниежүзілік фестивальдердің жеңімпаздары мен лауреаттары, цирк өнерінің жілігін шағып, майын ішкен майталмандар.
Халықаралық фестивальдің тағы бір шарасы ретінде шараға қатысушылардың үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен елорда көшелерімен шеру жасайтын «Кавалькаданы» атауға болады.