• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында жан басына шаққанда жалпы өнім 20 мың АҚШ долларын құрады - Ш.Ілмұханбетова 12.06.2014

«Маңғыстау облысы бүгінде  дамуы жағынан болашағы зор өңірлердің бірі. 2013 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасының дамуы 2, 8 % құрап, ЖӨӨ жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларға жетті», - деді Ш.Ілмұханбетова.

Оның айтуынша, облыс әлемнің 101 елімен экпорт-импорт операцияларын, соның ішінде 41 елмен экспорт операцияларын, 99 елмен импорт операцияларын жүзеге асырады.

 «2013 жылы облыстың сыртқы тауар айналымы 10 млрд. АҚШ долл. көрсетті.  Ол  2012 жылға қарағанда 15%-ға артық. Экспорттың негізгі салыстырмалы салмағын алыс шетелдерге жанар-жағар май - энергетикалық тауарлары - 98 %, металл және одан жасалған бұйымдар, машина және құрал-жабдықтар - 2,2 % құрайды»», - деді ол.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары, импорттың құрылымы негізінен мұнай операцияларын жүргізу үшін қажетті тауарлары есебінен болып отырғанын тілге тиек етті.

Мадина Нұрбекова


Back to the list