12.06.2014
АКҚКО өз есіктерін Зеренді және Сандықтау аудандарында ашты. Салтанатты ашылуға «Даму» Қорының қызметкерлері, жергілікті билік органдарының өкілдері қатысты, деп Қордың ресми сайты хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, АКҚКО негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге одан ары бизнесін дамытуда жол сілтеу.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары орталық арқылы «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол кратасы - 2020», «Агробизнес-2020» бағдарламалары аясында қажетті ақпараттарды біле алады.
«Жалпы мұндай орталықтарды ашу Ақмола облысының барлық аудан орталықтары мен шағын қалаларында жоспарланған», - деді «Даму» қорының бағдарламалардың құзыретін арттыру бойынша бас менеджері Айсұлу Әубәкірова.