11.06.2014
Аграрлық сектордағы негізгі ірі инвестициялық жобаларды іске асыратын да дәл осы компанияның өзі. Соңғы төрт жыл ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында 1,7 млрд. евро сомасына инвестиция тартылған болатын, оның 45 пайызы - бюджеттік қаражат, ал қалған 55 пайызы - сыртқы көздерден тартылған қаражаттар.
Сондай-ақ, 14 инвестициялық бағыттың шеңберінде 2009 жылдан бері 299 ірі инвестжоба қаржыландырылып, іске қосылған (өнеркәсіптік құс фабрикаларын, ірі жылыжайларды тұрғызу және модернизациялау, асыл тұқымды репродукторларды, көкөніс қоймаларын, астық қоймаларын, тауарлы-сүт фермаларын және т.б. тұрғызу). Тек өткен жылдың ішінде-ақ 63 жоба іске қосылған, ағымдағы жылы ауылдық жерлерде тағы да 65 жаңа жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы саласына инвестициялау мүмкіндіктері, қазақстандық нарықтың ерекшеліктері, агробизнесті дамытудың тартымды бағыттары - Астана қаласында 2014 жылғы 17-18 маусымда өтетін алғашқы Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумның басты тақырыптары, «ҚазАгроҚаржы» АҚ хабарлады.
Форумның шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ агробизнес пен инвесторлардың (көпшілік бөлігі шетелдік инвесторлардың) арасында делдалдың негізгі рөлін атқарады. Іс-шарада 70 ірі халықаралық және отандық компаниялар - нарық қатысушылары мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 56 қарыз алушысы қатысады. Әлеуетті инвесторлар үшін 5 «дайын шешімдер» ұсынылады, оның ішінде - Қостанай облысындағы ет бағытындағы қолданыстағы құс фабрикасының жабдығын модернизациялау бойынша, Ақмола облысындағы қолданыстағы өндірістің негізінде ІҚМ ұстау кешенін модернизациялау бойынша және басқа да жобалар бар. Сөйтіп, бұл қазақстандық нарықтың әлеуетін жұртшылыққа көрсетуге және инвесторлар мен бизнестің арасында жаңа қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік беретін болады.