• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылға дейін қазақстандық бизнесті шетелде қолдау Тұжырымдамасы әзірленеді 10.06.2014

«Аталмыш  даму Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  бірігіп жүзеге асады. Бүгінгі таңда  Қытайдағы Kaznex өкілдігі Ресей өңірлерінде өкілдіктер желісін ашуды жоспарлауда», - деп А. Рау ОКҚ баспасөз отырысында хабарлады.

Ведомствода атап өткендей, 2015 жылға дейін  қазақстандық бизнесті шетелде қолдауды қалыптастыру жүйесінің Тұжырымдамасы дайындалады. Жалпы, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей өңірлерінің нарығында өкілдік ашу қарастырылып отыр.

«ҰКП-мен бірігіп қызметтік-ұйымдастырушылық қызметті анықтау бойынша негізгі және қосалқы жұмыстар қарастырылады. Қызметкерлердің жұмысына баға беру және бағалау жүйесі әзірленеді», - деп нақытылады ИЖТМ-де.

Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, шетелде қазақстандық бизнесті қолдау экспорт көлемін 6-10 пайызға өсіреді. Шетелде өз өкілдіктерін көптеген мемлекеттер ашқан.

Камила Амирова


Back to the list