• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында алдағы екі жылда 21 елді мекен газбен қамтылады 10.06.2014

Атқарылар жұмыстарға тоқталар болсақ, үстіміздегі жылы қала іргесіндегі Қызылжарма ауылдық округін және Тасбөгет кентін газдандыру үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталып та кетті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сонымен қатар Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес ағымдағы жылы барлығы 23 млрд. теңгеге 4 аудан орталығына және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен кварталішілік газ құбырларының құрылысын салу және Қызылорда қаласындағы газдандырылмаған тұрғын үйлерді газдандыру жоспарға енді.


Back to the list