09.06.2014
Жыл соңына дейін пайдаланылуға берілетін нысандардың қатарында 30 мектеп, 9 балабақша, 21 денсаулық сақтау, 5 спорт, 11 мәдениет, 1 әлеуметтік нысан, 1 жатақхана, 1 мұрағат және 1 халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысы бар, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 7,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 млрд. теңгеге артық. Тиісінше, пайдаланылуға берілетін пәтер де 33 пайызға өсті.
«Сақалды құрылысқа» айналып келген нысандардың мәселесі биыл шешімін табады. Мәселен, 200 төсектік перинаталдық орталық, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы 140 орындық мектеп, Жалаңаш ауылындағы 90 орындық балабақша, Арал қаласындағы 300 орындық мектеп, Сексеуіл кентіндегі 150 орындық ауылдық клуб және Шаған ауылындағы 900 орындық мектеп пайдаланылуға беріледі.