09.06.2014
Астана күні мерекесі аясында Астанада алғаш рет «Қалалар айқасы» әзіл-сықақ фестивалі өтеді.
Тек бір күн ғана Астана шексіз шат күлкінің шаңырағына айналады. Қыран-топан күлкіге батыратын жекпе-жек барысында Ресей мен Қазақстанның танымал телевизиялық жобалары көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған «Мәссаған» жобасы, «Лица Столицы», «KZландия» скетч шоуы енгізілген. Сонымен бірге «Наша Rusia», «Comedy Club» тележобаларының авторы «Comedy Club» айтулы мүшесі - «Семен Слепаков», КТК ойындары атынан «Нарты из Абхазии» думанды тобы қатысады.