09.06.2014
220 тонна азық-түлік Алматыдағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне жеткізілді. Қала азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысы ұсынған елуден астам азық-түлік түрлерін базардағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатып алды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Тауар құны мен сапа деңгейіне қала әкімі Ахметжан Есімов баға берді.
Алматы тұрғындарына 68 миллион теңге көлеміндегі азық-түлік жеткізілді. Соның ішінде, ет өнімдері - 53 тонна, жеміс-көкөніс – 87 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна және де басқа тауар түрлері - 65 тоннаны құрады.
Айта кетейік, соңғы 6 жыл бойы Алматыда азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде.