• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Семейдің ірі кәсіпорындары бизнестің жауапкершілігі туралы меморандумға қол қойды 09.06.2014

Бұл келісімнің мақсаты - инвестиция тарту, кәсіпорындардағы жалақыны көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету және барлық шараларға  атсалысу  болып табылады, деп Семей қаласы әкімдігінен хабарлады.

«Шаһардың ірі 9 кәсіпорындары біздің ұсынымызды  қолдап отыр. Бүгін біз 4 кәсіпорынмен келісімге қол қойдық. Бұдан басқа 37 өндіріс ошағы Президенттің тапсырмасы жалақыны өсіруге келісім білдіруде. Қазіргі таңда біз арнайы жобаны жасақтап қойдық, менің ойымша оның барлығы  қолдау табады», - деді қала әкімі Айбек Кәрімов.

Әкімдікпен Меморандумға «Силикат»ЖШС, «Асбоцемент зауыт» ЖШС, «Қаражыра» ЖШС, «Қазполиграф»ЖШС  отырды.

Семей қаласының әкімі атап өткендей, бұл кәсіпорындар ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Олардың демеушілік көмегі 5 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін барады.


Back to the list