• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өңдеуші саладағы ШОБ-ті қолдауға бөлінген қаражаттың үштен бірі өз иесін тапты – «Даму» КҚҚ 08.06.2014

Мақұлданған несиенің жалпы құны 32,2 млрд тенгеден астам. Соның ішінде 48 жобаға 5,19 млрд теңге қаражат бөлініп, 31 жобаға қайта қаржыландыру мақсатында қаражат аударылды, деп хабардайды «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 17 сәуірінде «Даму» қоры мен 13 қазақстандық банк несиелік келісім құрған. Оған сәйкес, банктер алты ай ішінде өңдеуші саладағы жобаларды іске асыратын шағын және орта бизнес кәсіпкрліктерін несиелеу үшін Ұлттық қордан қаражат жөнелтуі тиіс болатын.

Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіпкерлік жобаларын қолдауға бөлінген 100 млрд тенге банктерге орналастырылуда. Осы қаражаттан кәсіпкерліктер 10 жылға дейін 6 пайыздық үстемемен несие ала алады. Максималды сома 1 850 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар кәсіпкерліктер қолда бар несиелерін де қайта қаржыландыра алады. 


Back to the list