• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында ҰҚШҰ елдерінің құтқару бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өтті 08.06.2014

Оқу-жаттығу тақырыбы - «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің химиялық қауіпті объектілердегі аварияларды жою кезіндегі іс-әрекеттері», деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Бірлескен оқу-жаттығуға ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері, Беларусь Республикасы ТЖМ, Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Ресей ТЖМ мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы ТЖАҚК 5 ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттің жедел топтары мен құтқару бөлімшелері қатысты. 

Оқу-жаттығу екі кезеңде өтті. Сценарий бойынша аммиак төгінділері орын алды, оның салдарынан химиялық зақымдану аймағы пайда болды, осы аймаққа елді мекендер де түсті. Жедел топтар Қазақстан ТЖМ жедел штабымен және аумақтық органдарымен бірлесіп техногендік ТЖ салдарын жою бойынша шешімді пысықтады. 

Екінші кезеңде құтқарушылар оқу орындарында үйлестіру және жедел штабпен өзара әрекеттесу кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 


Back to the list