07.06.2014
Отырыста ЖЭО реконструкциялау және кеңейту, ферроқорытпа зауытын салу, тау-кен комбинатының құрылысын бастау, кен орындарын кеңейту секілді мәселелері сөз етілді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Жиында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев өңірде өнеркәсіп құрылымындағы өндіру саласының үлесі 94 пайызды құрап, қайта өңдеу секторының үлесі 4,6 пайызды ғана екендігін мәлімдеді.
Соңғы жылдары өткізілген талдау өндіру саласындағы өндіріс көлемін 1 пайызға төмендеткен жағдайда қайта өңдеу өнеркәсібінің көлемін орташа есептегенде 18 %-ға арттыру керек екендігін көрсетті. Өткен жылы қайта өңдеу өнеркәсібінің өсімі 19,3 % құрады, бұл республика бойынша 2-ші көрсеткіш.
«Бүгінгі күні осы көрсеткіш химиялық, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылық және фармацевтика салаларындағы орта және шағын жобаларды жүзеге асыру арқылы сақталып отұр. Жыл сайын 5-6 жоба нақты жүзеге асырылған жағдайда өсім динамикасы 30-40 пайыз деңгейінде болады, бұл өсім үшін жеткіліксіз. Яғни, облысымыздың тау-кен металлургиялық кешенін жедел түрде дамыту қажет», - деді аймақ басшысы.