06.06.2014
Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков ашты. Ол «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның облыс экономикасына қосып отырған үлесі жөнінде атап өтті.
Семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері шақырылған. Олардың алдында «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның атқарушы директоры Абай Сарқұлов сөз сөйледі.
Оның айтуынша, Қазақстанның даму банкі өз қызметін бастағалы бергі 13 жыл ішінде еліміздің экономикасына 6 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
Бұл банк - негізінен, шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларды дамытуға бағытталған институт, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Сонымен бірге, «Қазақстанның даму банкі» АҚ мен «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ өкілдері кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді және Қазақстанның даму банкінің жаңа «Теңгемен тиімді қаржыландыру - экономика сұраныстарына жауап» стратегиясын таныстырды.