05.06.2014
Зерттеудің мақсаты - пайдаланушылардың мемлекеттік статистиканың сапасы туралы пікірлерін; ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі дәрежесін зерттеу, бағалау және талдау болып табылды.
Әлеуметтік пікіртерім Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді. Зерттеу жүргізу кезінде мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, жеке тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан пікіртерім алынды.
Осы зерттеу өтініштердің барлық түрлері бойынша статистика органдарына жүгіну кезінде көрсетілетін қызметке қанағаттанушылықтың жеткілікті жоғары деңгейін анықтады: жүгіну түрі, бағалаудың орташа мәні, телефон арқылы-4,5, электрондық почта арқылы-4,6, почтамен/факспен жіберілген хат арқылы/өздері апарып берді -4,6, Агенттіктің веб-сайтына-4,5, жарияланымдарға, материалдарға, жинақтарға, бюллетеньдерге жазылуды пайдалану-4,7.
Алынған деректер өтініштердің барлық түрлері бойынша статистика органдарына жүгіну кезінде көрсетілетін қызметке қанағаттанушылықтың жеткілікті жоғары деңгейі туралы растайды, деп хабарлады ведомство.